Қарағандыда үстел теннисінен командалық ел біріншілігі аяқталды

Қарағандыда үстел теннисінен командалық ел біріншілігі аяқталды

Қарағандыдағы «Saryarka» орталығында үстел теннисінен командалық Қазақстан біріншілігінің бірінші кезеңі аяқталды.

Екі кезеңнен тұратын алғашқы айналымнан соң «Астана» командасы көш бастады. Аталған команда сапында еліміздің үздігі Кирилл Герасименко да өнер көрсетеді.

Елер арасындағы бәсекеде «Астана» бірінші орын иеленсе, «Sigma» (Шымкент) және «Greenwill» (Ақтөбе) командалары екінші, үшінші орынды өзара бөлісті.

Суперлигаға жолдама алған клубтар қатарында «Казаэронавигация» (Нұр-Сұлтан), «TT Club Karaganda 2» (Қарағанды) клубтары бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или