Токио Олимпиадасына қатысушылар арасында COVID-19 жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді
Токио қаласындағы Олимпиадаға қатысушылар арасында коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>Reuters агенттігінің мәліметінше, бокстан Уганда елінің Олимпиада құрамасының мүшесі Токиодағы ойындарға келетін спортшыларды міндетті тексеру аясында COVID-19 вирусына тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Бұл вирустың шетелдік командадан анықталған бірінші жағдай екені атап өтілді. </span>
<span>Екі рет тест тапсырып, екеуі де оң болып шыққан угандалық спортшы оқшауланды. Уганданың Олимпиадаға қатысатын барлық тоғыз спортшысына бұған дейін AstraZeneca вкцинасы салынғаны және ұшақ бортына отырмас бұрын ПТР-тестілерін тапсырып, олардың теріс болғаны хабарланып отыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или