Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионына қарсы қалай дайындалып жатыр

Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионына қарсы қалай дайындалып жатыр

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жекке дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

28 жастағы боксшының командасы инстаграмдағы парақшасында кезекті жаттығу сәтінен видео жариялады. Жаттығу соңында Жәнібек: «Бүгін бізде соңғы спарринг өтті, қазір үйге барып демаламыз. Енді салмақты теңшеп, жылдамдықпен жұмыс жасауымыз керек», деді.

Айта кетейік, Әлімханұлы - Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада) өтеді. 

<span><br /></span>

<span>Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или