Қазақстандық боксшы жарақатына байланысты рингке шыға алмады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов бүгін, 27 ақпанда өтуі тиіс болған жекпе-жектен жарақатына байланысты бас тартты.

Спортшының жарақаты бар күшін салып жұдырықтасуға мүмкіндік бермейтіндіктен жекпе-жек өтпей қалды. Спортшының қай кезде толық жазылып, рингке оралатыны әзірше белгісіз. 20 жастағы боксшының есебінде жеңіспен аяқталған 13 жекпе-жек бар, олардың сегізінде Жайлауов мерзімінен бұрын жеңіп шыққан. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Жайлауов бүгін Екатеринбургте 32 жастағы Вячеслав Яковенкоға (7 жеңіс, 19 жеңіліс және тең түскен) қарсы кезекті рейтингтік жекпе-жек өткізу тиіс болған. Айта кетейік, ресейлік тәжірибелі боксшы соңғы 16 жекпе-жегінің барлығында жеңіліс тапқан.

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или