Қазақстан құрамасынан төрт спортшы Токио Олимпиадасына қатысады
Әлемдік рейтингке сәйкес Токиодағы Олимпиада ойындарындағы теннис бойынша жекелей сынға қатысушылар анықталды. Турнирге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін, 16 маусым күні спортшылар тізімі Халықаралық теннис федерациясы мен Ұлттық Олимпиадалық комитеті тарапынан расталды.
Ерлер арасында Олимпиада ойындарына Қазақстан сапынан Александр Бублик қатысады.
Ал әйелдер арасында ел намысын Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова қорғайды.
Айта кетерлігі, жұптық санат бойынша спортшылар тізімі бөлек қаралады.
Еске салайық, Токио Олимпиадасына спортшылар тізімі 2021 жылғы 7 маусымдағы ATP және WTA рейтингтері негізінде жүзеге асырылды.
Әр елден қатысушылардың ең көп саны 12 адамнан аспауы керек (алты ер адам және алты әйел). 64 теннисші жекелей сында, 32 жұп - жұпта, 16 жұп - аралас жұпта бақ сынайды.