Еуро-2020: Доданың алтыншы күні өтетін матчтардың тікелей трансляциясы

Еуро-2020: Доданың алтыншы күні өтетін матчтардың тікелей трансляциясы

16 маусымда және 17 маусымға қараған түні Санкт-Петербург, Баку және Римде футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының 2-турының алғашқы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күнінің бағдарламасы Санкт-Петербургте Финляндия мен Ресей құрамаларының кездесуімен ашылады. Ресейліктерге шегінерге жер жоқ - плей-оффқа шығатын мүмкіндікті сақтап қалу үшін оларға жеңіске жету керек. Финляндия футболшылары бүгін үш ұпай алып жатса, 1/8 финалға шыққан алғашқы команда болады. Qazaqstan арнасында көрсетілетін Финляндия - Ресей матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталып, мына СІЛТЕМЕ арқылы қол жетімді болады.

Турнирдің ашылу матчында Италиядан ойсырай ұтылған Түркия құрамасы Уэльспен кездеседі. Уэльс бірінші турда Швейцариямен тең түсті. Түркия - Уэльс матчын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфир Қазақстан астанасы уақытымен 21:50-де басталады. Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

А тобындағы 2-турдың тағы бір матчында Италия мен Швейцария құрамалары алаңға шығады. Доп додасын сәтті бастаған <span>«Скуадра адзурра» бүгін плей-офф тағдырын шешіп тастауы мүмкін</span>. Италия - Швейцария матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Рим шаһарынан тікелей эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыз.

 

Еуро-2020: Франция Мюнхенде Германияны жеңді

Эриксен драмасы - өмір мен өлім арпалысы. Дәрігерлердің ерлігі тоқтаған жүректі тірілтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или