Александр Недовесов Чехиядағы «Челленджерді» сәтті бастады

Александр Недовесов Чехиядағы «Челленджерді» сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов португалиялық Гонсало Оливейрамен жұптасып, Чехияда өтіп жатқан Челленджердің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-Португалия жұбының қарсыластары чех ойыншылары Эндрю Полсон мен Патрик Рикл болды.

Недовесов пен Оливейра төрт брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Есеп 6:4, 6:3.

Матчтың ұзақтығы - 1 сағат 12 минут.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или