Ерік Алғабек бокстан Азия чемпионатын қорытындылады

Ерік Алғабек бокстан Азия чемпионатын қорытындылады

<span>Әйелдер боксынан Қазақстан командасы Дубайда өткен Азия біріншілігінде 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Отандық боксшылар бұрын-соңды мұндай нәтиже көрсетпеген. Тарихи жеңістен соң команда бас бапкері Ерік Алғабек бұрымды боксшылар жеңісінің сырымен бөлісті.  </span>

<span>- Азия чемпионатына қарқынды түрде дайындық жүргіздік. Әрине, 3-4 алтын аламыз деген ойымыз болды. Бірақ сегіз алтын еншілегендегі қуанышымыз да, таңданысымыз да басым болды. Бірақ мен қыздардың жақсы бабында екенін көрген соң, бұл жеңісті өте әділ әрі заңды деп есептеймін. </span>

<span>Иә, Дубайдағы Азия біріншілігіне Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея құрамалары келген жоқ. Десе де, бұл қарсыластарымыз осал болды дегенді білдірмейді. Өзбекстан қыздары құрлық мықтылары санатына еніп келе жатыр, Үндістан бұрыннан бокс тарихы бай ел. Назымның алты дүркін әлем чемпионы, үнділік Мэри Комды жеңгенін көрдіңіздер. Ол бұрын осы спортшыға бір рет есе жіберген соң, аталған кездесуге мақсатты түрде жеңемін деп шықты. </span>

<span>Назым Қызайбай соңғы кезде аяқпен ойнаудан қателік жіберген, осы жолы сол олқылықтың орнын толтырды, - дейді Алғабек. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или