Андрей Голубев жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енді
Қазақстандық Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде жұптық сында 39-орынға көтерілді.
Бұл бірден 43 сатыға жоғарылаған А.Голубевтің спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып табылады. Бұған дейін А.Голубевтің үздік нәтижесі 2015 жылғы наурыздағы 65-орын болатын.
Сонымен қатар өткен аптада Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP-ның чемпиондық кестесінде 7-орынға шықты. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или