Андрей Голубев жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енді
Қазақстандық Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде жұптық сында 39-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл бірден 43 сатыға жоғарылаған Голубевтің спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып табылады. </span>
<span>Бұған дейін Голубевтің үздік нәтижесі 2015 жылғы наурыздағы 65-орын болатын. </span>
<span>Сонымен қатар, өткен аптада Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP-ның чемпиондық кестесінде 7-орынға шықты. </span>
<span>Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или