Котто Головкиннен қашып құтыла алмайды - WBC президенті

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) хабарлағандай, Мигель Котто жазда өзінің титулын ерікті түрде қорғағаннан кейін Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеледі деп жазады BoxingScene.com.

Айта кетейік, журналистермен болған сұхбатта Котто: "Бірде-бір ұйым менің спорттық карьерама иелік ете алмайды. Мен кіммен жекпе-жек өткізгім келеді, оны өзім таңдаймын" деген болатын.

Коттоның осы мәлімдемесінен кейін WBC президенті Маурисио Сүлейман Мигельге жазда ерікті түрде титулын қорғау үшін бір мүмкіндік беретінін айтты. Ал, осы кездесуден кейін Котто жеңіске жетсе ол күзде Геннадий Головкинмен кездесуге міндеттелмек.

Айта кетейік, өткен аптада Геннадий Головкин Монакода британдық Мартин Мюрреймен кездесіп, 11-раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл оның шаршы алаңдағы 32-ші жеңісі. Жерлесіміз әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или