Тимофей Скатов алғаш рет ATP Challenger санатындағы турнирдің финалында бақ сынайды

Тимофей Скатов алғаш рет ATP Challenger санатындағы турнирдің финалында бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматыдағы ATP Challenger Tour сериясындағы халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Скатов Қытай Тайбэйінің өкілі Цзен Чун-Синді екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.

1 сағат 31 минутқа созылған кездесу барысында 20 жастағы қазақстандық 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.

Скатовтың финалдағы қарсыласы Нұр-Сұлтан уақытымен 12:30-дан кейін басталатын қазақстандық Дмитрий Попко мен бельгиялық Зизу Бергс арасындағы кездесуде анықталады.

Айта кетейік, Тимофей Скатов өз мансабында алғаш рет Challenger санатындағы турнирдің финалына өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или