Сұлтан Заурбек Еуропаның экс-чемпионымен жұдырықтасады

Сұлтан Заурбек Еуропаның экс-чемпионымен жұдырықтасады

Кәсіпқой рингте жеңілмеген, екінші жеңіл салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы Сұлтан Заурбек (10-0, 7 КО) 10 шілде күні Алматыдағы бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Қазақстан менеджерлік компаниясының инстаграм парақшасындағы мәліметіне сенсек, 25 жастағы қазақстандық Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алаңында британдық боксшы Ронни Кларкпен (21-4-2, 10 КО) жұдырықтасады.

Сұлтан Зәуірбекк алдыңғы жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда Алматыда өткізіп, украиналық Владислав Мельниктен (13-4, 8 КО) басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MTK KAZAKHSTAN (@mtk_kazakhstan)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или