Жеңілмеген қазақстандық боксшы Майамиде жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Швабтың (6-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен орын анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxrec.com порталының ақпаратына сенсек, жеңіл салмақта өнер көрсететін 26 жастағы боксшы 9 шілдеде Майамиде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы 40 жастағы мексикалық Марко Антонио Мендоса Чико (11-10-1, 7 КО).
Алдағы жекпе-жек алты раундтқа есептелген, Manual Artime Community Center Theater аренасында өтеді.
Айта кетейік, Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін Флорида штатында да өткізген. 22 мамырда Мэдлиде ол 21 жастағы мексикалық Карлос Хименесті (1-1-1) төрешілер шешімімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или