«Арландардың» жетінші кездесуіне шығатын құрамы белгілі болды

«Astana Arlans» бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші турын Алматы қаласында Италияның «Italia Thunder» клубына қарсы өткізеді. Бүгін қос ұжымның жекпе-жекке шығатын боксшылары белгілі болды.

Қазақстандық клуб осыған дейінгі алты кездесуін де жеңіспен аяқтады. «В» тобында көш бастап келеді. Ал «А» тобында Кубаның «Cuba Domadores» клубына тең қарсылас табылмай тұр.

Марат Жақиев жаттықтыратын қазақстандық клуб жетінші кездесуін екі күннен кейін «Italia Thunder»клубына қарсы өткізеді. Италиялық ұжым да осал қарсылас емес. Топта үшінші орында келеді.

Биыл бүкіләлемдік бокс сериясында 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының 17 жолдамасы сарапқа салынады. Осыған дейінгі өткізген кездесулер қорытындысы бойынша қазақстандық клуб сапынан үш боксшының жолдаманы иеленуге зор мүмкіндігі бар. Олар: Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі), Василий Левит (91 келі) және Филип Хргович (+91 келі). Алғашқы екеуі қазақстандық боксшы болса, соңғысы клубтың хорватиялық легионері.

Мейірім Нұрсұлтанов пен Василий Левитке Олимпиада жолдамасы аса маңызды. Сондықтан да боксшылар кездесулерде барын салып жұдырықтасып келеді. Бас бапкер «Italia Thunder» клубына қарсы да екеуін шығарғалы отыр. Алғашқысының қарсыласы Рафаэль Мунно болса, екіншісі Эндри Спахиумен жұдырықтасады.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или