Басқа

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Қырғызстанда ОЖЖ өткізді

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Қырғызстанда ОЖЖ өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан құрамасы 1-12 маусым аралығында Қырғызстанда оқу-жаттығу жиынын өткізді.

«ҚР биатлоннан Құрама командасында 2021-22 жж. маусымының жазғы жиынтық кезеңі де келіп қалды. ҰОК басшылығы мен жаттықтырушылар штабы жоспарлағандай, команда орта тау жағдайындағы үш шағын жиынтық өткізбек, олар: Алматыдағы (Талғар) 17-ші мамырдан 1-ші маусымға дейін, Қырғызстандағы (Шолпон-Ата) 1-12 маусым аралығында, және сондай-ақ Риддер қаласындағы 13-24 маусым аралығында.

Бұл жаттығулардағы басты мақсат пен бағыт спортшылардың аэробты қасиеттері мен күш жаттығуларын дамытуға арналған. Барлық қатысушылар жақсы қалыпта деп айтуға болады, сондықтан да жиындар жоспарланғандай үзіліссіз өтуде.

Барлық жаттықтырушылар штабы мен медициналық персонал ҚР ҰОК қаржысы есебінен сәтті іс-сапарға шықты. Спортшылар болса облыстық басқармалар мен ЖСШМ есебінен жіберілді, сол үшін облыстық ұйым басшыларына көрсеткен қолдаулары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», - деп қорытындылады жиынды биатлоннан ерлер командасының аға жаттықтырушысы Мухин Александр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер