Азат Перуашев: Головкин Қазақстан туын талай рет көкте желбiреттi

ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Мәжiлiс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев спорт саласына бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың тиiмдi, мақсатқа сай жұмсалу мәселесiн көтердi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Бүкiл әлемде кәсiпқой футбол клубтары өз күндерiн өздерi көрiп, мектептер мен секцияларға беруiлуі тиiс ақшаны алып қоймайды, керiсiнше, өздерi балалар спортына көмек көрсетедi. Олар нағыз өз кәсiбiнiң мамандары. Бiзде де осындай спортшылар бар. Геннадий Головкин – мықты боксшы. Бюджеттен ақша алмайды, ұлттық компаниялардан қаржы сұрамайды. Бiрақ, бұл адамды бүкiл әлем бiледi, оның арқасында Қазақстан туы талай рет көкте желбiредi. Бiз осындай адамдарды мақтан тұтамыз. Қанат Ислам да өз iсiнiң маманы, ешкiмнен ештеңе сұрамайды, шаршы алаңға Қазақстан туымен шығады. Ал қомақты бюджет қаражаты жұмсалатын футбол командалары, оның iшiнде шетелдiк легионерлер де өз ісiнiң мамандары емес, олар кәсiпкерлер де емес», - дейдi А.Перуашев.

Айта кетейiк, кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутат бүгінгі күні еліміздегі спорт түрлерін қаржыландырудың әділетсіздігін сынға алған болатын. Депутаттың пікірінше, қазақстандық футболдың шығыны көп, бірақ бұл салада бокс пен ауыр атлетикамен салыстырғанда зор жетістіктер жоқтың қасы.

«Біз жергілікті бюджеттер бойынша мәліметтерге талдау жасадық. Күрес секциясына барлық өңірлер жергілікті бюджеттен 2015 жылы 3,1 млрд теңге, боксқа – 1,5 млрд, ауыр атлетикаға – 487 млн теңге бөліп отыр. Бірақ, қомақты қаражат – 14,6 млрд теңге оңтайландыру жүргізілгеннен кейін де футбол клубтарына бағытталмақ. Бұл дегеніміз, ең зор жетістігіміз – Еуропа чемпионатының іріктеу тобында соңғы қатарда тұрған футболға жергілікті спорт басқармасы боксқа қарағанда 10 есе көп мемлекеттік қаржыны жұмсайды», - деп отыр депутат.

Оның хабарлауынша, тіпті кейбір облыстарда футболға бокс пен ауыр атлетикамен салыстырғанда 10 емес, 100 есе көп қаражат бөлінген.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или