Қызылордалық ауыр атлеттер қатарынан бес мәрте Қазақстан чемпионы атанды

21-25 ақпан аралығында Астана қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жарыстан Сыр елінің ауыр атлеттері 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль иеленіп, 197 ұпаймен көш бастады. 182 ұпаймен Қарағанды облысы екінші орынды, 151 ұпаймен Алматы қаласының командасы үшінші орынды еншіледі. Осымен қызылордалық спортшылар қатарынан бес мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша 50 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Ергенбай (спорт-интернат) чемпион атанды. Ол жұлқи көтеруде 77, серпе көтеруде 93, қоссайыста 170 келіні бағындырды. 85 келіде Әлішер Оразбек (№1ОМБЖОРМ) алтын медальді иеленді. Ол жұлқи көтеруде 115, серпе көтеруде 140, қоссайыста 255 келіні бағындырды.

Қыздар арасында 48 келіде шиелілік Айсамал Сансызбаева, 50 келіде қармақшылық Әмірхан Қожабаев, 62 келіде Арыстанбек Жақанша (спорт-интернат) және 85 келіде Мейіржан Молдағали (№1ОМБЖОРМ) күміс жүлдеге ие болды. 62 келіде №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы Серікбол Аманжол қола жүлдеге қол жеткізді.

Спортшылар сәуір айында Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или