Попко Алматыдағы турнирдің ширек финалына шықты
Дмитрий Попко мысырлық теннисші Мохамед Сафватпен бірге Алматыда өтіп жатқан ATP Open Challenger 80 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дмитрий мен Мохамед 1/8 финалда канадалық теннисші Брайдон Шнурмен және тайваньдық Ян Цунг-Хуаны жеңді.
1 сағат 9 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:3 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий турнирдің жекелей сынында украиналық теннисші Владислав Орловты 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, екінші айналымға өткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или