Денис Евсеев: Алматыдағы екі турнир де керемет ұйымдастырылған
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Prosports.kz сайтына Алматыда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің бірінші айналымында италиялық Риккардо Бонадионы жеңгені туралы пікір білдірді.
Ойынның қай кезеңі шешуші сәт болғанын айта алмаймын. Жаңбыр жаумаса, кімнің жеңіске жетері белгісіз еді. Бәлкім, көбі бүгін жолым болды дер. Үш сеть бойы өз теннисімді ойнадым.
- Сіз Бонадиомен Португалияда өткен турнирде жұптық сында бірге өнер көрсеттіңіз. Қарсыластың мықты және әлсіз жақтарын жақсы білдіңіз бе?
- Мен оның мықты немесе әлсіз тұсын білемін деп айтпас едім. Бүгін басым түстім. Матч ертең өткенде, қарсыласым ұтар ма еді. Бұл теннис. Ары қарай не болатынын алдын-ала болжау мүмкін емес.
- Қазір екі «Челленджердің» бір жерде өткізіліп жатқанына қалай қарайсыз?
- Бұл Қазақстан үшін үлкен оқиға деп айтамын. Жалпы, екі турнирді бір жерде өткізгенде, ойыншыларға қай жағынан болсын ыңғайлы.