IBO: Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орны қандай

IBO: Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орны қандай

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Суперауыр салмақта Жан Кособуцкий 31-қатарда қалды.

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Құнқабаев 58-орыннан 51-орынға көтерілді, Әли Балоев сегіз саты жоғары көтеріліп, енді 63-орыннан көрінді.

Жартылай ауыр салмақта Михаил Коханчик 75-орынды сақтап қалған.

Екінші орта салмақ дәрежесінде Айдос Ербосынұлы 15, Нұрзат Сабыров 37, Бек Нұрмағанбет 69, Әли Ахмедов 73-сатыда тұр.

Орта салмақта Геннадий Головкин IBO чемпионы. Бұл салмақ дәрежесінде Жәнібек Әлімханұлы 14, Қанат Ислам 27, Мейірім Нұрсұлтанов 41-қатарға жайғасқан.

Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов 27, Тұрсынбай Құлахмет 63-орыннан көрінді.

Жартылай орта салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов 19, Нұрсұлтан Жаңабаев 54-сатыда тұр.

Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 12-орыннан 30-орынға бірақ сырғыды.

Жеңіл салмақтағы Нұртас Әжбенов 84-орында тұр.

Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде Сұлтан Зауырбек 44, Станислав Калицкий 60-қатарға жайғасқан.

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов 77-орыннан көрінді.

Ең жеңіл салмақта Елшат Нығметолла бұрын 34-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или