«Қазақ стилін көрсетемін». Әлімханұлы тағы бір мәлімдеме жасады
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) алдағы жекпе-жегі алдында тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасады.
«Қазақ стилін көрсетемін», – деп жазды Жәнібек Твиттерде. Жазбасында ол алдағы кездесудің афишасын жариялады.
Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі 26 маусымда (қазақстандық уақытпен 27 маусымда таңда) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Virgin Hotels кешенін өтеді.
Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін былтыр 9 қазанда Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly