Айдос Ербосынұлы Қазақстанда допингті немен алмастыратынын мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Instagram-парақшасында Қазақстанда допингтің орнына не қолданатынын жазды.
«Біреулер допинг ішіп күш қуат жинайды. Біз үшін күш қуат жинаудың сыры ол: Қазақтың кең даласы, Тау-таспенен, өзен көлдің жағасы», - деп жазды боксшы.
Ербосынұлының қатысуымен келесі жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэ қаласында өтуі керек еді. Ресейлік Евгений Шведенко қазақстандықтың қарсыласы деп жарияланды.
Бірақ Айдос коронвирус жұқтырып алып, жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазір америкалық Калеб Плантқа тиесілі IBF орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или