Флойд Мейвезер енді жекпе-жек өткізбейтінін айтты
Бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер блогер Логан Полмен жекпе-жек өткізгеннен кейін карьерасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>«Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.
«Жоқ, өткізбейтін шығармын», — деді Мейвезер тағы бір көрмелік жекпе-жек өткізуге қатысты сұраққа.
Кейін журналистер Флойдтан ресми кездесу өткізер-өткізбесін сұрады.
«Жоқ, анық», — деді боксшы.
Флойд Мейвезер мен Логан Пол арасындағы көрмелік жекпе-жек 8 раундқа созылып, жеңімпаз анықталмаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или