Канада Финляндияны жеңіп, әлем чемпионы атанды
Канада құрамасының хоккейшілері Ригадағы әлем чемпионатынтоп жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Канада финалда Финляндия құрамасымен кездескен. Матч овертаймда канадалықтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.
Негізгі уақытта финндер сапында Микаэль Руохомаа мен Питер Линдбом көзге түсті, ал канадалықтардан Макс Комтуа мен Адам Хенрик шайба салды.
Қосымша уақытта командалар 3×3 форматында ойнады. Бұл тұста Канаданың айы оңынан туды. Шешуші шайбаны Ник Пол соқты. Осылайша Канада құрамасы әлем чемпионатын жеңді.
Канада тарихында 27-рет әлем чемпионатында алтын медаль алып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или