Головкин жетінші орынға көтерілді

BleacherReport.com атты атақты америкалық спорт порталы әлемнің үздік боксшыларының рейтингісін жариялады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Барлық салмақ дәрежесіндегі боксшыларды есепке алатын аталмыш рейтингіде қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин екі сатыға жоғарылап, енді жетінші орынға тұрақтады. Көш басында Флойд Мейвезер келеді. Мэнни Пакьяо және Роман Гонсалес тиісінше екінші және үшінші орындарда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или