Жасұлан Әкімжан: Жекпе-жекте тор мен қарсыластан басқа ештеңені ойламаймын
Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (6-2) Eagle FC турнирінде өткізетін жекпе-жегі жайлы пікірін білдірді.
«Дайындық жақсы өтіп жатыр. Алматыда Arlan MMA Pro Team және Tobet Top Team командаларымен бірге жаттығып жүрміз. Қарсыласымды зерттедім. Мықты «кикер», аяқ-қолымен жақсы жұмыс істейді. Денесі ірі. Бастысы – жекпе-жекке жоспар жасадық. Мен жеңіске жетуім қажет.
Жанкүйерлерімнің алдында жақсы өнер көрсетуім керек, өйткені бәрі мені қолдайды. Жекпе-жекте тор мен қарсыластан басқа ештеңені ойламаймын», - деді файтер EFC баспасөз қызметіне.
Спортшы Алматыда 18 маусымда өтетін EFC 37 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ресейлік Роман Авдал (15-8) болады. Бұл жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта (65.8 кг) өтеді.
Айта кетейік, Әкімжан қатарынан екі жекпе-жекте жеңіске жеткен. Кейінгі рет файтер биыл ақпанда октагонға шығып, Олег Петеримовті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал Роман Авдал былтыр қазанда кездесу өткізіп, Заур Касумовтан басым түскен.