Алматыда ATP Challenger Tour сериясының халықаралық турнирлері өтеді
Алматыда "ЦСКА" теннис орталығының корттарында ATP Challenger Tour сериясының екі халықаралық турнирі өтеді.
6-13 маусым аралығында - "Beeline Open Challenger 80 Almaty" және 13-19 маусым аралығында - "Beeline Business Challenger 80 Almaty". Жарыстардың жалпы жүлде қоры 104 160 АҚШ долларын құрайды.<br /><br />Оған әлемдік рейтингтің ТОП-200 ойыншылары қатысады. Қазақстан намысын Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин және басқалар қорғайды.
Турнирді өткізу кезінде жоғары санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескере отырып, ойындар көрермендерсіз және қатаң хаттама аясында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или