Тұрсынбай Құлахметтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Тұрсынбай Құлахметтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. 

«Менің келесі жекпе-жегім 10 шілдеде Алматыда өтеді», - деп жазды Құлахмет.

Тұрсынбай Құлахметтің қарсыласы британиялық боксшы Ли Макгрегор (10-0, 8 КО) болады.

Айта кетейік, Тұрсынбай соңғы жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген венесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или