Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониядан ірі есеппен жеңілді
Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Солтүстік Македониядан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Скопьеде өткен ойынның бірінші таймында жанкүйерлер бір гол ғана көрді. Эзган Алиоски пенальтиден көзге түсті. Ал тайм аяқталар тұста Серікжан Мужиков алаң ортасында ойын тәртібін бұзып, бас төреші тікелей қызыл қағаз көрсетті.
Сондықтан, екінші тайм бойы қазақстандықтар 10 футболшымен ойнады. 57-минутта Иван Тричковски есепті еселесе, 74-минутта Милан Ристовски таблодағы көрсеткішті ірі есепке жеткізді. Араға екі минут салып, Дарко Чурлинов ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 4:0.
Жолдастық матч.
Солтүстік Македония – Қазақстан 0:4 (0:1)
Голдар: Алиоски пенальтиден 35, Тричковски 57, М. Ристовски 74, Чурлинов 76.
Алаңнан қуылды: Мужиков 45+2.
Қазақстан: Покатилов (Қ) (Сейсен 46), Валиуллин (Сүйімбаев 46), Бейсебеков (Қасым 73), Малый, Марочкин, Тапалов (Габышев 83), Қуат, Тағыберген, Мужиков, Щеткин (Мұртазаев 46), А. Нұрғалиев (К) (Байтана 72).
4 маусым. Скопье. «Тоше Проески».