Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жекті 1,5 миллиондай адам тамашалапты

Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жекті 1,5 миллиондай адам тамашалапты
<p> <strong>Монако княздігі, Монте-Карло қаласында өткен WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде 862 мың, ал жалпы 1,5 миллиондай адам тамашалапты, деп жазады &laquo;Алаш айнасы&raquo; интернет-порталы батыстық басылымдарға сілтеме жасап.&nbsp;</strong></p> <p> Nielsen агенттігінің ақпараты бойынша, Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде бір мезетте 862 мың адам тамашалапты. Ал, трансляцияның ең көп көрілімі 938 мыңға дейін жеткен екен. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, өткен жылы Германияда өткен Кличко мен Пулев арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде 620 мың ғана адам көрген екен.&nbsp;</p> <p> Тағы бір ескеретін жайт, Монте-Карлода өткен Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек НВО арнасының Еуропа жерінен таратып отырған бірінші кездесуі. Бұл арнада кездесу алдымен тікелей эфирде көрсетілсе, кейіннен жанкүйерлердің сұрауы бойынша қайталап көрсетілген. Жалпы, агенттік таратқан ақпарат бойынша, бұл екі боксшы арасындағы айқасты 1 433 000 көрермен тамашалаған. Бұл көрсеткішпен қазақстандық және британдық боксшы арасындағы кездесу HBO және Showtime арналарында ең көп көрілген жекпе-жектер рейтингінде бірінші орынға шықты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или