Qatar Оpen-2015. Дияс екінші кезеңге өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Дохада өтіп жатқан Qatar Open жарысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды alaman.kz.

Алғашқы айналымда тунистік 20 жасар Унс Жабирмен (127) кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Дияс екінші айналымда германиялық Андреа Петкович (10) не бельгиялық Кристин Флипкенспен ойнауы мүмкін. Дияс пен Петкович өткен аптада Дубайдағы жарыстың екінші айналымында ойнап, қазақ теннисшісі екі сетте жеңіске жеткен.

Биыл Зарина Дияс Шенжен және Ховарттағы жарыстың ширек финалына шықты. Австралия ашық чемпионаты мен Дубайдағы жарыстың үшінші раундына дейін жеткен.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или