Зия Әлиев: Жұмысты осы жерден тоқтатуды жөн көрдік

Зия Әлиев: Жұмысты осы жерден тоқтатуды жөн көрдік

Бокстан Олимпиада чемпионы, қазір кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирнмен келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшының менеджері Элвис Креспо журналист Майк Коппинджерге берген сұхбатында Елеусінов Matchroom-мен келісімшарт мерзімі аяқталғанын айтқан қазір ол еркін агент екенін мәлімдеген болатын.

Данияр Елеусінов британиялық промоутер Эдди Хирннің компаниясымен келісімшартты ұзартпады.

«Жаңа промоутермен келісімшартқа қол қоюды асыға күтіп жүрмін, олар әлем чемпионы титулы жолында маған көмектесе алады», – деп мәлімдеді Данияр Елеусінов.
«Біздің Matchroom компаниясымен келісімшартымыз аяқталар тұста келіссөз жүргіздік. Бірақ компания біз күткен ұсынысты жасай алмады. Сондықтан байланысты осыдан тоқтатуды жөн көрдік. Басқа промоутерлерден келіп жатқан ұсыныстар өте көп. Қазір бәрін қарастырып жатырмыз. Жақын уақытта белгілі болады», - дейді боксшының менеджері Зия Әлиев. 

Айта кетейік, Эдди Хирн қазір Геннадий Головкиннің бокстағы шаруасымен айналысады. Сондай-ақ, GGG-дің DAZN-мен де келісімшарты бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или