Kazsport арнасы Иса Акбербаевтың жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

Kazsport арнасы Иса Акбербаевтың жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Акбербаевтың Global Boxing Council атағы үшін аргентиналық Рубен Анхель Миноға қарсы өткізетін жекпе-жегін қазақстандық бокссүйер қауым Kazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Кездесу 2015 жылдың 28 ақпанынан 1 наурызына қараған түні Астана уақыты бойынша 01:00-де басталады. Жекпе-жек 12 раундқа созылады. Бұл қазақстандық боксшының кәсіби карьерасындағы 16-кездесуі. Акбербаев мұның алдындағы барлық қарсыласынан басым түскен (10 нокаут). Соңғы жекпе-жегін 2014 жылдың 11 желтоқсанында Мәскеуде беларусиялық Игорь Караваевқа қарсы өткізіп, 1-раундта нокаутпен жеңді.

Boxrec.com сайтының деректеріне сүйенсек, оның келесі қарсыласы – 40 жастағы Рубен Анхель Мино бүгінге дейін 26 жекпе-жек өткізіп, 25-інде жеңіске жеткен (25 нокаут), ал бір кездесуінде нокаутпен жеңілген.

Айта кету керек, KazSport арнасы 27 ақпан күні тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауовтың жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді. Бұл кеште отандасымыз ресейлік Вячеслав Яковенкоға қарсы сынға түседі, трансляция Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или