Қысқы

Трамплиннен секіруден КСРО спорт шебері Туйгун Насыров қайтыс болды

Трамплиннен секіруден КСРО спорт шебері Туйгун Насыров қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

2 маусымда шаңғымен трамплиннен секіруден КСРО спорт шебері Туйгун Насыров дүниеден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Туйгун Насыров - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы, қысқы Бүкілодақтық Универсиаданың жеңімпазы, КСРО Қарулы Күштерінің бес дүркін жеңімпазы, КСРО халықтарының жеті спартакидасының қатысушысы.

20 жыл уақыт бойы трамплиннен секіруден ұлттық команда мен Қазақстан Әскерінің Орталық Спорт Клубын (1975-1994 жыл) жаттықтырған.

«КСРО чемпионы бапкері» медалін үш рет алған. Германиядағы Еуропа кубогында жеңімпазды жаттықтырғаны үшін «75 Jahre Ski – Club Schonwalkd» (1982 ж) медалін таққан.

Prosports.kz редакциясы Тайгун Насыровтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер