Жәнібек Әлімханұлы Риота Муратамен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBA чемпионы Риота Муратамен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
- Боб Арум, Top Rank, қыркүйекте Муратаға қарсы жекпе-жекті ұйымдастырып беріңіздер. Мен оны Вегаста жеңгім келеді. Ал желтоқсанда Жапонияда қарымта жекпе-жек болады. Сосын біз барлық белбеулерді иемденеміз! 26 маусым? Оңай жекпе-жек, - деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.
Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін 26 маусымда өткізеді. Қарсыласы америкалық Роб Брант болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или