Оныншы нокаут бола ма? Серік Мұсәділов рингке оралатын күн айтылды

Оныншы нокаут бола ма? Серік Мұсәділов рингке оралатын күн айтылды

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Серік Мұсәділов (9-0, 9КО) келесі жекпе-жегін 9 шілдеде өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

BoxRec мәліметінше, жекпе-жек Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өтеді, қарсыласы әзірше белгісіз. Еске салайық, Мұсәділов биыл мамырда Медлиде (Флорида) америкалыұ Кевин Браунды бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылайша, ол тоғыз жекпе-жегінің бәрін нокаутпен жеңіп келеді

Айта кетейік, 26 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или