Қазақстандық теннисші Олимпиада жолдамасына ие болды

Қазақстандық теннисші Олимпиада жолдамасына ие болды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада лицензиясының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) әлемдік рейтингіндегі позицияларға сәйкес квоталар бөлінгеннен кейін белгілі болды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда үстел теннисінен Қазақстан құрамасыны қоржынында Олимпиада ойындарына екі жолдама бар.

Осыған дейін Анастасия Лаврова Орталық Азия аймығының іріктеу жарысында топ жарып, Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или