Әбілхан Аманқұл: Бірінші раундта қарсыласымды көп күтіп қалдым
Бокстан Дубайда аяқталған Азия чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл финалдағы жеңілісіне қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Olympic.kz.
<span>"Төрешілердің шешіміне қатысты ештеңе айта алмаймын. Себебі, мен шаршы алаңда болдым. Егер жекпе-жекті сырттай тамашалаған болсам, бірдеңе айтар ма едім. Бар кінәні өзімнен іздеймін. </span>
<span>Әсіресе, бірінші раундта қарсыласымды күтіп, көп жүріп қалдым. Қорытынды есепке соның әсері болған сияқты", - дейді Әбілхан. </span>
<span>Финалда Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Саиджамшит Жафаровтан ұтылған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или