Том ЛЕФФЛЕР - GGGBoxing бәске келіседі, тек алдымен келісім шартқа қол қояйық

Том ЛЕФФЛЕР - GGGBoxing бәске келіседі, тек алдымен келісім шартқа қол қояйық

Геннадий Головкин Мартин Мюррейді 11 раундта техникалық нокаутпен жеңген соң WBC тұжырымының бұрынғы чемпионы – Хулио Сезар Чавес (кіші) (48-1-1, 32 КО) - «Головкин тек күшіне сенгені болмаса айтарлықтай керемет боксшы емес. Егер екеуміз жекпе-жекке шығатын болсақ, мен сені нокаутқа түсіретініме кепіл ретінде өз гонорарымнан 1 миллион доллар бәс тігемін», деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырған.

Головкиннің промоутері Том Леффлер дереу жауап қатып, бұл бәске қуана келісетінін, тек Чавестің (кіші) бұл жолы келісім шартқа қол қоюуын күтетінін мәлімдеді.  Естеріңізде болса, 2014 жылы Головкин мен Хулио Сезар Чавестің (кіші) жекпе-жек өткізу жөнінде келісім шарт жасамақшы болған.  Алайда,  Чавес (кіші) бұл келісім шарттан бас тартқантын.

Хулио Сезар Чавес (кіші) соңғы жекпе-жегін  2014 жылдың наурыз айында Брайан Вераға қарсы 12 раундтық кездесу өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.  Сәуірдің 14-не поляк Анджей Фонфарамен жұдырықтасатын  Чавес (кіші) осы кездесуде жеңіске жетсе Карл Фрочпен келісім шарт жасауы мүмкін.

Kazsport.kaztrk.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или