Мемлекет басшысы тарихи жетістікке жеткен боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы тарихи жетістікке жеткен боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.

- Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын, – делінген құттықтауда. 

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатында медаль саны бойынша алға шықты.

Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Римма Волосенко, Милан Сафронова, Валентина Хальзова, Фариза Шолтай және Ләззат Күнгейбаева алтын медаль жеңіп алды. Ал Владислава Кухта күміс медаль, Марина Вольнова қола медаль иеленді.\

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или