Даниял Сәбит бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Даниял Сәбит бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дубайда (ОАЭ) бокстан ерлер арасында Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

<span>49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Даниял Сәбит ел қоржынына күміс медальді салды. Финалда Өзбекстан боксшысы Нодиржон Мирзахметовпен кездескен ол қарсыласына жол берді. Төрешілердің бір ауыз шешімімен отандасымыз финалда жеңілді. </span>

<span>Айта кетерлігі, Даниял Сәбиттің қарсыласы Нодиржан Мирзахметов 2019 жылы Азия биігін бағындырған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или