«Көптен бері жолым болмай жүрген». Назым Қызайбай Азия чемпионатындағы жеңісі туралы
Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасындағы үздіктердің бірі Назым Қызайбай жеңімпаз атанды. Ол финалда алты дүркін әлем чемпионы, үндістандық Мэри Комды ұтқан болатын. Жекпе-жектен соң Назым бұл жеңістің орны ерекше екенін айтты, деп жазады Olympic.kz.
<span>«Көптен бері жолым болмай жүрген еді. Сондықтан, осы жолы алдыма тек жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Турнирге жоғары деңгейде дайындалдық. Барлық қарсыластарымыз да қарымды. Бапкерлердің айтқанын бұлжытпай орындап, тұғырдың ең биігінен көрініп отырмыз», - дейді Назым.</span>
<span> Еске сала кетейік, Назым Қызайбай бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атанған. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или