WBO белбеуінен бас тартпайынша, Головкиннен құтыла алмаймын-ау – Энди Ли

Ирландиялық кәсіпқой боксшы Энди Ли Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шықпаудың жолын қарастырып жатыр. Мұны боксшы ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлім еткен, деп хабарлайды Bnews.kz.

Энди Ли 21 ақпан күні Головкин мен Мюррей арасында өткен кездесуді Salle des Etoiles аренада отырып тамашалады. Осы жекпе-жек өтпей тұрып, Энди Ли журналистерге берген сұхбатында Мюррейдің Головкинді жеңе алмайтынын айтқан болатын. Ол WBO белбеуінен ерікті түрде бас тартпайынша немесе оны қорғамайынша, Головкиннен құтыла алмайтынын жасырмады.

«Мен Головкинмен ерте ме кеш пе әйтеуір жолығарым анық. Себебі, WBO белбеуі қазір менің еншімде, сондықтан, алдағы уақытта Головкинмен жекпе-жекте белбеуімді қорғауым керек болады. Қазір орта салмақта Геннадиге тең келер, оның ауыр соққысына төтеп берер боксшы жоқ.

Айта кету керек, Головкин Лиді 2003 жылы Бангкокта өткен әлем чемпионатында жеңген болатын.

Естеріңізге саламыз, орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) ақпанның 21-інен 22-іне қараған түні Монаконың Монте-Карло қаласында британиялық Мартин Мюррейге қарсы өткізен жекпе-жегінде чемпиондық атақтарын кезекті рет қорғап қалды.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или