Мұхаммед Әлидің қолғабы 1 млн долларға сатылды (ВИДЕО)

Мұхаммед Әлидің қолғабы 1 млн долларға сатылды (ВИДЕО)

1965 жылы жекпе-жек өткізген аты әлемге мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли мен оның қарсыласы Сонни Листонның бокс қолғаптары Нью-Йоркте өткен аукционда 956 мың долларға сатылды. Бұл туралы амеркиалық Heritage Auctions аукцион үйінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бәссауданы ұйымдастырушылар қолғаптар миллионнан астам долларға сатылады деп күткен. Қолғаптарды жаңа иесінің есімі әзірге жария етілмей отыр.

Әли мен Листон арасындағы матч-реванш 1965 жылдың 25 мамырында АҚШ-тың Льюистон қаласында өткен. Дәл осы күні Кассиус Клей шаршы алаңға алғаш рет Мұхаммед Әли есімімен шықты. Ол Листонды жекпе-жек басталған соң бас-аяғы 2 минут ішінде жеңген.

Кездесу аяқталған соң қолғаптарды төреші Джордж Руссо (George Russo) алып кетеді. Араға ондаған жылдар салып, Руссо қолғаптарды калифорниялық коллекция жинаушыға сатады.

2014 жылдың тамызында АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен аукционда Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзер жекпе-жегіндегі қолғаптар 388,3 мың долларға сатылған.

Ал өткен жылдың ақпанында өткен бәссаудада Мұхаммед Әлидің карьерасындағы алғашқы чемпиондық атақты жеңіп алған кездесуіндегі қолғабы 836,5 мың дооларға сатылған.

Бокс тарихында ең танымал боксшылар қатарына кіретін Мұхаммед Әлиден абсолютті әлем чемпионы атағын 1964-1966, сонан соң 1974-1978 жылдар аралығында ешкім тартып ала алмаған. Сонымен қатар, 1960 жылы ол 81 келіге дейінгі салмақта олимпиада чемпионы атанған.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или