Бокс

Жүкембаев мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады

Жүкембаев мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміз Карсонда (Калифорния, АҚШ) пуэрторикалық Сабриэль Матиаспен жұдырықтасты.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8-раундтан кейін аяқталды. Жүкембаевтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Сондай-ақ, Батыр төртінші раундта бір мәрте нокдаунға түсіп қалды.

Осылайша, бұған дейін 18 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Жүкембаев мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Сөйтіп жақын арада IBF тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағына үміткер болу мүмкіндігінен айырылды. Өйткені оның Матиаспен жекпе-жегі «төрт турнирдің» жартылай финалы болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер