Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды

Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясына ескерту жасады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz

«Маған бұл постер ұнамайды. Мен бірінші тұруым керек. Менің есімім бірінші тұруым қажет», — деді Әлімханұлы (9-0, 5КО).

Оған америкалық Роб Брантқа (26-2, 18КО) қарсы жекпе-жектің ресми постері ұнамаған. Оны бұған дейін Twitter-де Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған еді.

Әлімханұлы компания басшысы Боб Арумға жаңа жекпе-жек туралы ойлай беруді ұсынды, себебі Брантқа қарсы кездесуді оңай деп санайды. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте екінші орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесуді қалайтынын айтты. 

Еске салайық, Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или