Нұрмахан Тінәлиев: «Жарақат болмаса, Олимпиада алтынын аламын»

Грек –рим күресінен ауыр салмақта (130 келі) Қазақстан чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2010, 2011, 2013), Азия ойындарының алтын медаль (2010, 2014), Азия чемпионатының алтын (2013) және Жазғы Универсиаданың қола медаль иегері (2013) Нұрмахан Тінәлиев «Аламан» тілшісімен өзінің бүгінгі жеңісімен бөліскен еді.

- Қазақстан чемпионатына деген дайындығыңыз қалай болды?

- Дайындықты осының алдында Америкада өткізіп келдік. Өте жақсы болды.

- Алдағы белдесулер қалай болмақ?

- Биыл Олимпиада жолдамасы үшін Әлем чемпионаты болады. Ендігі бар күшті соған саламын. Жолдама алу басты мақсаттардың бірі. Кешегі, бүгінгі Қазақстан жеңімпаздары сол Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Жігіттердің дайындығы жақсы, жолдама көбірек түсу керек.

- Финалда Атырау облысының балуаны Дамир Күзембаевпен белдестіңіз. Ал Күзембаев негізінен жетісулық жігіт қой…

- Иә. Ол балуанмен бұрындары да бірнеше мәрте белдескем. Екеуіміз тіпті бірге жаттықанбыз, қазірде жаттығамыз және бір-бірімізді өте жақсы білеміз.

- Бүгінгі белдесулер оңайға түскен жоқ па?

- Жо-жоқ! Жалпы оңай нәрсе жоқ қой. Әр әдіс-тәсілдің өз қиындығы болады. Бүгінгі белдесулер қиын болды. Ал оданда қиын белдесулер күтіп тұрғанын ұмытпау қажет. Мен үшін Әлем чемпионатындағы белдесулер де қиынға түспек. Соған бәріне дайын болу қажетпіз.

- Сіз Әлемді, Олимпиаданы көрген балуансыз. Бүгінгі басқада белдесулерге қарап айтыңызшы, қазақ балуандарының деңгейі қандай?

- Әрине өсіп келеді. Күн санап өркендеп келе жатыр десем де болады. Бауыржан ағамыздай жандар көмектесіп, қолдау білдіріп, демеп жатыр. Алматы облысы бойынша күрестің бастығы болып Бауыржан ағамыз тағайындалған болатын, бүгінгі ұйымдастырып жатқандары қандай? Өзіміздің жерімізде керемет өткен жоқ па? Күреске көңіл бөлетін жандардың арқасында, балуандарымыз көрініп, бапкерлеріміздің білгі артып келеді.

- Нұрбақыт Теңізбаев ағаңыз Риода Олимпиадасында алтын алып келетін балуандардың бірі деп есептеді, үміт артты. Не дейсіз?

- Ағамыздың сеніміне рақмет!. Бұйырса болады. Ең бастысы жарақат дейміз ғой, жарақаттан аман болсақ алып қалармыз бұйырса.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Серік ҚАНТАЕВ, Жеңіс ЫСҚАБАЙ мен Бейбіт САҚБАЙ (фото)

Alaman.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или