Қазақстан Президенті Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетінің арқасында планетадағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді.

«Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз», – делінген жеделхатта.

Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или