Даниял Сәбит Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Дубайда (БАӘ) бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
<span>49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Даниял Сәбит шықты. Қазақстан құрамасындағы ең жас спортышның алғашқы қарсыласы Индонезия боксшысы Корнелиус Квангу болды. Жекпе-жек кезінде жойқын соққыларымен көзге түскен ол қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. </span>
<span>Нәтижесінде, қазақстандық боксшы құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына шықты. </span>
<span> Айта кетерлігі, Даниял Сәбит жартылай финалда ұтылған жағдайда, жарыстың қола жүлдесіне ие болады. Ал жартылай финалда қарсыласынан басым түссе, чемпиондық атақты сарапқа салады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или